Газета издается с 10 декабря 2002 года. Выходит по пятницам.
   Услуги Web-дизайна
Вместе с нами



Валюта, погода

Kazakhstan Financial Market
вся погода




В прошлом номере "АК" мы уже сообщали о том, что в начале апреля в Алматы подведены итоги ежегодного конкурса на премию Аграрной партии Казахстана в области литературы и журналистики имени известного писателя и общественного деятеля Жараскана Абдрашева. Особенностью нынешнего подведения итогов стала приуроченная к этому событию презентация нового художественного фильма "Остров возрождения", снятого сыном писателя Рустемом Абдрашевым в память об отце.

А главные виновники торжества - победители конкурса - получили на вечере из рук организаторов памятные медали и сувениры, а также денежные премии. Как и обещали в прошлом номере, сегодня мы знакомим вас с лауреатами конкурса АПК им. Ж. Абдрашева.



Бек ТОҒЫСБАЕВ
лауреат

Бек Тоғысбаев - один из известнейших прозаиков республики, драматург, журналист. Будучи студентом Казахского государственного университета сотрудничал, а затем работал в газете "Лениншiл Жас". В 1962 году закончил в Москве Высшие курсы сценаристов. Один из основателей республиканского журнала "Жалын". Много лет Б. Тоғысбаев занимал ответственные посты на государственной службе.

Первый сборник писателя "Жаңбырлы күз" ("Дождливая осень") вышел в свет в 1960 году. С тех пор издано около полутора десятка книг. Среди них "Үмiт" ("Надежда"), "Боз жорға", "Намыс" ("Честь"), "От пен күл" ("Огонь и пепел"), "Өмiр-өзен" ("Жизнь-река"). Несколько книг переведено на русский язык.

Имя Бека Тоғысбаева известно широкой аудитории как одного из лучших отечественных драматургов. Его пьеса "Тасқын" ("Наводнение") несколько лет ставилась в театре им. М. Ауэзова. Такие комедийные пьесы как "Ақын Сара", "Күйеу тандаған келiншек" ("Невеста, выбиравшая мужа"), "Бала сұңкар" составляют репертуарный костяк Семипалатинского, Талдыкорганского, Жамбылского, Шымкентского, Атырауского драматических театров.

В последние годы писатель много времени уделяет исторической теме. Его исследовательские статьи печатались в журналах "Жұлдыз", "Простор" и других изданиях.

За заслуги в области литературы награжден несколькими Почетными грамотами Верховного Совета Казахской ССР, Парламента Республики Казахстан, медалью "Ерен еңбегi үшiн" ("За доблестный труд").

Намыс
(Үзiндi)

...Нұрбай сүйретіле басып өз үйінің алдына жақындағанда бес-алты жүк машинасының тізіліп тұрғанын көрді. Үстінде - үй мүліктері, уық, кереге, балаларын құшақтаған әйелдер. Жерде он шақты еркек жүр. Нұрбай өз ауылдастарын танып жадырап-жайнап қалды. Кейбірімен қол алысып, кейбірін құшақтап жатыр. Ішінде Далабай да жүр.

- Иә, жолдарың болсын! Қайда бет алдыңдар? - деп сұрады Нұрбай.

- Ат басын тіреген жеріміз осы! - деді Далабай. - Жалғыз өзіңе ауыр тиіп жатыр деген соң шыдап отыра алмадық.

- Бәлі, мен сендерді қайда сыйғызам?!

- Қам жеме, Нұреке... Әзірше бас панамыз бар, - деді Далабай машина үстіндегі үй мүліктерін қолымен нұсқап. - Үй салатын пұлымызды да ала шықтық! - деп Далабай мақтанып, төс қалтасын сарт еткізіп ұрып қойды.

- Жаңа бастықтарың жанжал шығармай ма?

- О, жағын өзімізге жібер, Нұреке!

- Қане, ендеше, түсіңдер!

* * *

Күн төбеден аса құлап Мұқым тауының етегін көлеңке жапқанда Нұрбай салт атпен егіс даласын аралап келе жатқан. Әр жерде қызылша жапырағын аршыған ақ орамалды, қызыл ала көйлекті әйелдер буыншақ-түйіншектерін жинап ауылға қайтып барады. Әлде біреулердің айтқан әні, әзіл-қалжыңы естіледі.

Нұрбай тау басына қарады: күндізден жиналған бұлт тұтасып, қоюланып төмен қарай жер бауырлап келеді. Жаңбыр боп құйып өте шығатын боз ала бұлт емес, мұз бүркетін, аяғы қатқаққа айналатын қорғасындай ауыр бұлт. Шың басынан төмен сыр-ғып, беткейдегі шырша-қарағайларды, шашау тастарды кеудесімен басып жалмап келеді.

Нұрбай бір сұмдықтың боларын сезді де, атқа қамшы басты. Машинаға мініп, ұзап бара жатқан әйелдерді қуып жетіп, айғай салды:

- Тоқтаңдар! Қайтыңдар кейін!

Жанамалай шапқан бастықты көріп шофер тормозға басты.

- Қараңдар! Бүгін түнде қатқақ болады! Қызылша үсиді. Жаздайғы еңбек зая кетеді! Бәрің де сабан жинаңдар! Түтін қойыңдар!

Соны айтты да Нұрбай ауылға қарай шапты.

Кеңсеге келсе колхоз порторгі есеп беру-сайлау жиналысын өткізіп жатыр екен. Нұрбай кіріп келді:

- Қане шығыңдар бәрің! Қызылша үсігелі жатыр.

- Нұреке, жиналыс бітсін де...

- Өзі қатысудың орнына...

- Шығыңдар деймін тез! Жиналысты ертең-ақ өткіземіз! - деп Нұрбай есікті ашық қалдырған күйі шығып кетті.

Жұрт не істерін білмей аңтарылып парторгке қарады. Парторг қағаздарын жинап былай шықты да:

- Бастық айтса - жөн! - деді. - Осы бойда бәріміз де қызылшаға шығалық...

Сол күні түнде Мұқым тауының етегі көк ала түтінге толды. Әр жерде жылт-жылт еткен оттар, қараңдаған адамдар көрінеді. Түн бойғы еңбек зая кеткен жоқ: қызылша үсуден аман қалған еді...


Сатирический журнал "АРА"
лауреат

Журнал выходит с 1925 года. После некоторого перерыва он в прошлом году пережил свое второе рождение. Главный редактор - известный казахстанский писатель-сатирик Көпен Әмир-бек. На страницах журнала публикуются такие известные сатирики, как Табыл Кулыяс, Нұрлыбек Жұбатқан, Ғаббас Кабышұлы и другие. Главный художник - Нұрлан Тазабеков.




Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ
лауреат

Ж. Әскербекқызы - поэтесса, кандидат филологических наук, окончила факультет филологии Казахского государственного университета. На протяжении нескольких лет работала учителем казахского языка и литературы в родной школе, а затем преподавала в Восточно-Казахстанском государственном университете. С 2000 года работает на кафедре казахской литературы Евразийского национального университета им. Л. Гумилева. Здесь же защитила кандидатскую диссертацию.

Печататься начала еще со школьных лет. Первое большое признание пришло в 1999 году на республиканском конкурсе "Шабыт", где она завоевала гран-при. Жанат - призер республиканских конкурсов, посвященных 90-летию поэта Қасыма Аманжолова, 10-летию независимости республики, 200-летию Махамбета и других.

Самые лучшие ее стихи собраны в сборниках "Ғарыш билер гұмырымды" (1999), "Қаракөз бұлақ" (2001), "Қантардағы қызыл гүл" (2001), "Коктуриктер ауены" (2002).

Ж. Әскербекқызы - автор многочисленных научных статей и выступлений.

Ауылдан аттанғанда

Кеудемнен шырқыратып жанымды үзіп,
Ақ сағымда барады ауыл жүзіп.
Жүрегімді шеңгелден қысып алып,
Тамырымда ойнайды қаным қызып.

Аппақ болып алдымнан таң келеді,
Таңмен бірге тіршілік сәнденеді.
Өлеусіреп аспанда ай қалыпты,
Ұмыт қалдырғандай-ақ әлденені.

Көмкеріліп сұлбасы сағымменен,
Алыстап бара жатыр ауыл менен.
Қайта-қайта бұрылып қарай бердім,
Қарай бердім, тербетіп жанымды өлең.

Туған жер бауырынан жаңа шықтым,
Серік қып сағынышты ала шықтым.
Ауылымның суреті шыққа тұнған,
Ішінде тұрып қалды қарашықтың.

Артта сағым, тағы да алда сағым,
Жарысып келе жатыр далбаса мұң.
Алдымнан соққан желдің шоқтығына,
"Ауылыма ала кет" деп, жармасамын...


Адасқан қаз

Көктем бе, жаз ба, ұмыттым,
Қырқаға барғам ой қуып.
Шуағын шашып, күліп күн,
Жатқандай дала той қылып.

Көкпеңбек аспан... көк дала,
Көк сағым толқып ойнаған.
Көңілде, сірә, жоқ нала,
Жат емес мына той маған.

Кеудеңе мәңгі орнығар,
Қуаныш-жарты, жарты-мұң.
...Естідім кенет... сорлы зар,
Адасқан қаздың қаңқылын.

Айнала ұшты төбемнен,
Тобымды тауып бер дей ме?!
Сөйлейді қаз да, сенем мен,
Түсіне алам кей-кейде.

Шарқ ұрып жылап бара ма,
"Қайда - деп, - тобым" - сұрап па.
...Өткенмен жылдар арада,
Қаңқылы қалды құлақта.

Жаз өтті... Кетті сән күзден.
Барады күн де салқындап,
Шарқ ұрып жүрмiн жалғыз мен,
Адасқан қаздай қаңқылдап.

Знакомые лица
и голоса
Собственник: ТОО «Республиканская газета «Аграрный Казахстан»
Директор-Главный редактор: А.С. Гурский
Ответ. секретарь: Л.И. Леева
Рекламная служба: Н.Н. Жоров, С.В. Волков.
Тел./факс: 8 (3172) 938-270, 938-260
Адрес редакции: Казахстан, г. Астана,
пр. Победы, 119/1, 3-й этаж. Тел.:
При использовании материалов ссылка на ресурс обязательна
Письмо в редакцию
Написать вебмастеру
Администратор сайта: В.В. Литвиненко
Copyright © 2003 "Аграрный Казахстан"